Мал ұрлаумен айналысқан 5 қылмыстық топ құрықталды

614

Кісінің адал малын ұрлап, қолға қараған қорадағы бірлі-жарымды да қалдырмай жүрген ұрылар шаруа біткеннің құтын қашырып тұр. Бүгінге дейін Жамбыл облысында 11 адамнан тұратын 5 қылмыстық топ құрықталып отыр.

Мал ұрлаумен айналысқан 5 қылмыстық топ құрықталды

Сөйтіп ұрланған 557 малдың 340-ы иелеріне қайтарылды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигi Қанат Қожамқұловтың айтуынша, мал ұрлығы бойынша қылмыстың ашылуы 46,3 пайыздан 55,7 пайызға өскен. Жыл басынан бері мал ұрлығын жасаған 41 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Шаруалар ұрының алыстан келмейтінін айтады.

Жуалы ауданындағы шаруашылық басшысы Бегалы Төкен айтуынша, ұрылар  алдымен малшылардың көңілін тауып, әрекеткен содан кейін кіріседі екен.

"Бірде таудағы көршім хабарласып, фазендаға бір көлік екі-үш бойы келгіштеп жүргенін айтты. Тауға барып малымды түгендесем, 22 қой, 90 қозы жоқ. Ұры алыстан келмеген. Көрші ауылдың жігіттері келіп, қойшымен бірге ішіп жүріп, бәрін алдын ала барлаған. Тағы бір келгендерінде масайтып, малды көлікке басып алып кеткен. Полиция малымды ұрлаған адамдарды ұстап, 11 қой мен 20 қозыны қайтарды. Қалғанын қайта алмай жүрмін", – дейді Бегалы Төкен.

Төрт айдан бері қолға түскен ұрыларды қашып кетті деп 70 қозы мен 11 қойын қайтартып бере алмаған полиция қызметкерлерінің жауапсыздығына күйінеді шаруа. 

Осындай бір дерек жақында ғана Меркі ауданында тіркеліпті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 тамызда Меркі аудандық полиция бөліміне 39 жастағы тұрғын малым ұрланды деп шағымданған.

Айтуынша, қойшысы 47 малын сатып жіберіпті. Шығын көлемі – 2 820 000 теңге.

Полиция қызметкерлері Меркі ауданының 31 жастағы тұрғынын құрықтаған. Қойшының малды ақша қажет болған соң сатып жібергені анықталды. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағына сай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талас ауданы Аққұм ауылында 17 бие, 3 құлын жоғалған. Екі бие, бір құлын Байзақ ауданынан табылыпты. Қалған жылқылардың дерегі жоқ. Мал егесі жылқышыға жоғалған мал табылмаса, 7 миллион теңгемен қоса бір айғыр төлейсің деп шарт қойған.

Жоғалған жылқылардың дерегін полиция инспекторлары да білмей дал.

Ардақ Үсейінова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу