Мал ұрлаумен айналысып келгендер қолға түсті

803

Тергеу амалдарының нәтижесінде Ұлан ауданының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ал оның сыбайласы бірнеше ай бойы полициядан жасырынып жүрсе де, ақыры қолға түскен.

Мал ұрлаумен айналысып келгендер қолға түсті

ШҚО Жарма аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.  Оның айтуынша, түнде белгісіз біреулер қоршаудан 23 бас ірі қараны ұрлап кеткен. Келтірілген залал 4 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Тергеу амалдарының нәтижесінде Ұлан ауданының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ал оның сыбайласы бірнеше ай бойы полициядан жасырынып жүрсе де, ақыры қолға түскен. Ол 38 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.

"Қарақшылар ұрланған малдың бірнеше басын облыс орталығындағы базарға өткізіп үлгерген екен. Қалған мал заңды қожайындарына қайтарылды", – дейді ШҚО ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Нүркен Көпжасаров.

Дәл осы жағдайға ұқсас мал ұрлау фактісі Семей қаласының маңындағы Ново-Боженово ауылында болған. Мұнда ұрылар 10 бас ірі қара мал мен 10 сауын сиырды алып кеткен. Келтірілген залал 2 200 000 теңгені құрайды.

Қазір құрықталған күдіктілердің басқа да мал ұрлау фактілеріне қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу