Малайзия БРИКС-ке қосылуды жоспарлап отыр

219

Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрахим Оңтүстік-Шығыс Азия елі БРИКС экономикалық блогына қосылуға ниетті екенін айтты.  

Малайзия БРИКС-ке қосылуды жоспарлап отыр Фото: Рамблер

Осылайша, Малайзия Үкіметі, Bloomberg басылымының хабарлауынша, батыс басқаратын әлемдік тәртіпке қарсы кезекті мемлекет атанады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз қосылатынымызды растадық. Шешім қабылдадық. Жақында біз ресми процедураларды бастаймыз",-деді Анвар Қытай Премьер-Министрі Ли Цянның Малайзияға жоспарланған сапары қарсаңында эфирге шыққан қытайлық Guancha жаңалықтар басылымына берген сұхбатында.

БРИКС елдерінің тобы (бастапқыда Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка) 2024 жылдың басында екі есе өсті. Сауд Арабиясы, Иран, БАӘ, Эфиопия мен Египет 1 қаңтардан бастап қосылуға шақырулар қабылдады. Аргентина да шақырылды, бірақ 10 желтоқсанда қызметке кіріскен президент Хавьер Милей бұл ниеттерден бас тартты, ал Венесуэла президенті Николас Мадуро оның елі қазан айындағы саммит кезінде БРИКСКЕ қосылуды күтетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу