Малайзия мұнай-газ секторына 150 миллион доллар инвестиция құйған

872

Малайзия мұнай-газ секторына 150 миллион доллар инвестиция құйған

Ресми Куала-Лумпур Қазақстанның мұнай-газ секторына 150 млн доллар инветиция құйған. Сондай-ақ, қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 50 млн долларға жетіп отыр. Бүгін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіндегі Малайзия повильонында "Тұрақты қала" апталығының ашылуы өтіп, Қазақстандағы елші Саид Мұхаммед Бахри Саид Рахман осындай ақпармен бөлісті.

Жалпы Малайзия көрмеге жасыл технология бойынша бірқатар озық жобаларын ұсына келген. Онда энергетика, коммуникация, су ресурстары және транспорт жүйесін жетілдіру бағдарламалары қамтылған. Елшінің айтуынша, мұның барлығы ірі мегаполистерде тазалықты сақтауға сеп болуы тиіс. Соның бірі – халықты жаппай велосипедке отыруға үндеу. Бүгінде малайзиялықтардың 80% таза экологиялық жүйеге көшіп, көліктің орнына екі дөңгелектіні қалауда.

Саид Мұхаммед Бахри Саид Рахман, Малайзияның Қазақстандағы елшісі:

"Қазақстан болашағынан зор үміт күттіліп отырған мемлекеттің бірі. Сондықтан инветициялық тұрғыдан бізді қызықтырады. Әрине, көп емес, дегенмен импорт пен экспорт айналымы артып келеді. Әзірге 50 млн доллар шамасында. Бірақ болашаққа бірлесіп құрған жоспар көп".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу