Малайзия парламентінде Қазақстанмен Достық тобы құрылады

866

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Малайзия парламенті өкілдер палатасының (парламенттің төменгі палатасы) спикері Мохамад Ариф Юсофпен кездесті. 

Малайзия парламентінде Қазақстанмен Достық тобы құрылады

Қазақстандық дипломат спикерді мемлекет басшысы – елдің Жоғарғы билеушісінен жоғары мемлекеттік награда – "Тан Сри" атағын алуымен құттықтады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Мохамад Юсофпен жылы құттықтауларға алғыс білдіре отырып, биылғы жылғы 23-24 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері төрағаларының IV кеңесіне қатысуын қайтадан растады. 

Кездесу барысында Болат Иманбаев Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерімен, Президенттің соңғы Жолдауының негізі басымдықтарымен хабардар етіп, екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен оның болашағымен таныстырды. Сонымен қатар, Еуразия елдерінің парламенттері төрағаларының IV кеңесіне малайзиялық тарапының жоғары деңгейде қатысуына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, Мохамад Юсоф екіжақты қатынастардың деңгейіне жоғары баға бере отырып, Малайзияның Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті әрі қарай нығайтуға және кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Саясаткер Малайзия парламенті өкілдер палатасының депутаттар арасынан Қазақстанмен парламенттік достық тобын құру туралы ҚР елшілігінің ұсынысын қолдау туралы шешімімен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде тараптар екі ел арасындағы жан-жақты өзара тиімді әріптестікті дамытуға ниеттерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу