Малайзия полициясы Ким Чен Ынның қаза тапқан ағасының жеке басын ресми түрде растады

883

Малайзия полициясы Ким Чен Ынның қаза тапқан ағасының жеке басын ресми түрде растады

Малайзия полициясының бастығы ақпан айында Куала-Лумпурдың әуежайында  қаза тапқан ер адам 45 жасар Ким Чон Нам – Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның ағасы екенін ресми түрде растады деп хабарлады жұма күні "Ассошиэйтед Пресс" агенттігі.

Оның жеке басы қалай анықталғандығы туралы ақпарат айтылмайды.

Ким Чон Нам 13 ақпанда, Куала-Лумпурдың әуежайында  оның бетіне екі әйел құрамында VX аса улы заты бар сұйықтық шашқаннан кейін көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу