2026 жылғы 1 маусымнан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салынды.
Енді Facebook, Instagram, TikTok және YouTube сияқты платформалар міндетті түрде жасын тексеру жүйесін енгізуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шара жастарды зиянды контенттен қорғау мақсатында қабылданды. Малайзияның Коммуникациялар және мультимедиа комиссиясы компанияларға жаңа талаптарды енгізу үшін өтпелі кезең берілетінін хабарлады.
Әлемдік тәжірибеде бұл бағыт күшейіп келеді: Австралия 2025 жылдың желтоқсанында алғаш болып заң қабылдаса, Индонезия 2026 жылдың наурызында Оңтүстік-Шығыс Азияда бірінші болып осындай шектеу енгізді. Еуропадағы Польша, Дания, Франция, Испания, Грекия және Ұлыбритания да ұқсас қадамдарға дайындалып жатыр.