Мұны Малайзия билігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұшақтың бортындағы 239 адаммен қоса жоғалғанына 10 жылдам аса уақыт өтті.
Негізінен, іздеу жұмыстары наурыз айында басталған болатын, десе де күн райының қолайсыздығынан ол көп ұзамай тоқтады.
– Соңғы жағдайлар (Малайзияның) осы қайғылы жағдайдан зардап шеккен отбасыларға жұбатуды қамтамасыз етуге деген ұмтылысын айқындайды, – деп мәлімдеген елдің Көлік министрлігі.
Бұл іздеу жұмыстарын Ocean Infinity геологиялық барлау компаниясы жүргізбек.
Бұған дейінгі іздеу жұмыстары 2017 жылы аяқталған еді, оған 26 елден 60 кеме және 50 ұшақ қатысты. 2018 жылғы әрекеттер де үш айдан соң аяқталды.
Айта кетейік, MH370 рейсі 2014 жылы Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып бара жатқанда жоғалды, бұл – авиация тарихындағы ең ірі іздеудің бірі.
Аталған жайт жолаушылардың туыстарын алаңдататын авиациядағы ең үлкен құпия саналады.