Малайзияда маскасыз жүргендерді бас бостандығынан айыруы мүмкін

812

Енді үкімет талапты орындамағандардан 235 доллар алады немесе бірнеше айға бас бостандығынан айырады.

Малайзияда маскасыз жүргендерді бас бостандығынан айыруы мүмкін

Малайзиядағы билік маскасыз жүргендерді бас бостандығынан айыруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Түрмеге қамаймыз демесе, тәртіпке бағынбайтындар көбейіп кеткен. Қазір оларға қарсы осындай жаза қолдану қарастырылып жатыр. Себебі қоғамдық орындарда әлеуметтік ара қашықтық сақтау мүмкін емес. Сыртқа шыққанда маска тағудан шаршаған жұрт айыппұлды көбейтпесе, ескертуді елейтін емес. Енді үкімет талапты орындамағандардан 235 доллар алады немесе бірнеше айға бас бостандығынан айырады.

Қазір бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 9 мыңға жуық. Соңғы бір айда ауырғандар саны салыстырмалы түрде азайғанмен, осы аптада тіркеуге алынғандар қатары күрт өскен. Оған әуе қатынасының қалпына келуі мен қалааралық байланыстың жандануы кері әсер еткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу