Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды

171

Bernama ақпарат агенттігінің мәліметінше, табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – Саравак штаты.  

Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды Фото: oxu.az

Мұнда 2802 адам эвакуацияланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Малайзияның шығыс өңірлерінде орын алған ауқымды су тасқындарына байланысты 3100-ден астам адам уақытша эвакуацияланып, арнайы қауіпсіз орындарға орналастырылды.

Сондай-ақ Сабах штатында 366 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін аталған өңірлерде шамамен 30 эвакуациялық орталық жұмысын бастады.

Алдын ала бағалау бойынша, 2024 жылы Малайзияда болған су тасқындарының жалпы келтірген шығыны 933,4 млн ринггитті құрады. Бұл шамамен 228,6 млн АҚШ долларына тең және елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 0,05 пайызына жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу