Бұл туралы Malay Mail басылымына сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Малайзия полициясы жарылыс соңы өртке ұласқанын, салдарынан 112 адамның зардап шеккенін мәлімдеген. Қазіргі уақытта тұрғындардың 63-і ауруханаға жатқызылған.
Ведомство өрттің 50-ге жуық үйді шарпып өткенін де хабарлап отыр. Газ құбырынан шыққан ауқымды өрт айтарлықтай шығын келтіріп, шұғыл эвакуация жасауға мәжбүрледі.
Қызыл жалынның тұтануына Petronas компаниясының газ құбырындағы ақау себеп болған деген болжам бар. Куәгерлердің сөзінше, жалынның биіктігі жарты шақырымға дейін жетіп, алыстан анық байқалған.
Әзірге қаза тапқандар туралы нақты ақпарат жоқ. Жарылыс болған аудан тұрғындары бірден эвакуацияланды.