Малайзиядағы көшкін салдарынан 11 адам көз жұмды

158

Із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. 

Малайзиядағы көшкін салдарынан 11 адам көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Малайзияның Борнео аралының солтүстігіндегі Сабах штатында толассыз жауған жаңбыр соңы көшкінге ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синьхуа агенттігінің жазуынша, табиғи апат салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Табиғи апат штаттың астанасы Кота-Кинабалу маңындағы ауылда болған.

Малайзияның әлеуметтік қамсыздандыру департаменті су тасқыны салдарынан Сабах штатында 1788-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер 12 көмек көрсету орталығына орналастырылды. 

Дүйсенбі күні премьер-министр Анвар Ибрагим зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қосымша тағы 10 миллион ринггит бөлінетінін айтты. Бұған дейін 11 миллион ринггит бөлінген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу