Нәтижесінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, 40 мыңнан астам адам көшірілді, деп inbusiness.kz CNN-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Джохор штатының билігі растаған қаза тапқандардың арасында су ағынымен алып кеткен көлікте қалған адам бар.
Кейбір аудандарда құтқарушылар үйлерінде қалып қойған адамдарды құтқару үшін қайықтармен жүзіп баруға мәжбүр.
Малайзиядағы соңғы онжылдықтардағы ең ауыр су тасқыны 2021 жылы тіркелді, ол кезде 54 адам қаза тауып, әскери күш жұмылдырылды. Сол жылы топан су сегіз штатты басып, бүкіл ел бойынша Төтенше жағдай жарияланды.
Малайзияда өткен аптада болған су тасқынынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу