Малайзияда бортында жолаушылары бар шағын авиация ұшағы апатқа ұшыраған кезде кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып.
Ұшақ тас жолға құлады, оның бортында сегіз адам болды, олардың барлығы қаза тапты. Апат кезінде тас жолда автомобиль мен мотоцикл өтіп бара жатқан. Көлік жүргізушісі мен мотоцикл жүргізушісі де қаза тапты, деп хабарлады полиция.
Ұшақ Ланкави аралынан материкке сапар шегуі керек болған, алайда ұшу барысында радар экрандарынан жоғалып кетті, кейінірек полиция әуе кемесі тас жолға құлады деп хабарлады. Ұшақ апатының себептері әлі белгісіз.
Құрбандардың нақты саны әлі анықталған жоқ, егер ол көлікте жүргізуші ғана емес, жолаушылар да болған болса, онда олардың саны артуы мүмкін.