Малайзия билігі 1 тамыздан бастап "туристерге салық" енгізеді. Салық сомасы турист таңдаған қонақ үй санатына байланысты болады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қонақ үйге тұрақтаған жергілікті және шетелдік тұрғындардың барлығы да салық төлегенде саяхат мақсаты ескерілмейді. Бес жұлдызды қонақ үйде тұру үшін шекті баға 20 рингит ($4,6), төртжұлдызды қонақүйге тұрақтасаңыз — 10 рингит ($2,3), үшжұлдыздыда — 5 рингит ($1,2) салық төлейсіз.
Малайзияның Туризм және мәдениет министрі Назри Абдул Азиз айтқандай, егер Малайзия қонақ-үйлері кем дегенде 620 пайызға толығатын болса, қазынаға мұндай салық түрінен 654 млн рингит ($153 млн) түсім түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу