Малайзиялық инвесторларға 150-ден аса жаңа инвестициялық ұсыныс таныстырылды

690

Қазақстан мен Малайзия коронавирус пандемиясынан кейінгі тікелей шетелдік инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Малайзиялық инвесторларға 150-ден аса жаңа инвестициялық ұсыныс таныстырылды

"Малайзиялық инвесторларға 150-ден аса жаңа инвестициялық ұсыныс таныстырылды.Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі (ҚМІК) ұйымдастырған іс-шараға фАӨК, ЖЭК, АКТ, машина жасау, денсаулық сақтау, фармацевтика және тағы басқа салалардағы 25-тен аса жетекші малайзиялық компанияның басшылары мен өкілдері қатысты", - деп жазылған Kazakh invest таратқан хабарламада.

Аталған компанияның инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің директоры Қуат Жолдыбеков малайзиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық ахуалына, отандық экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобаларды қолдау шараларына қатысты ақпарат берді.

"Бүгінде елімізде тиімді бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға тартылған тікелей шетел инвестициясы 360 млрд доллардан асты. Маңызды факторға елдің орналасуы, бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта, инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық ынталандыру болып саналады. Біз Малайзиямен инвестиция саласында жемісті ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт артамыз", - деді Қуат Жолдыбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу