Малайзиялық компания Астанаға 100-ден астам көше шамын сыйлады

621

Малайзиялық компанияның 103 LED шамдары орнатылған көшелер отандық шамдар орнатылған көшелерге қарағанда 30 пайызға жарық бола түспек.

Малайзиялық компания Астанаға 100-ден астам көше шамын сыйлады

Малайзиялық компания Астанаға 100-ден астам көше шамын сыйға тартты. Заманауи шамдар электр қуатын 2,5 есе азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорданың Кравцов көшеснің бойынша Пушкин көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін 103 LED шамдары орнатылды. Ол малайзиялық компанияның Астананың 20 жылдығына жасаған сыйы. Бұл шамдардың ерекшелігі электр қуатын аз шығындап, ұзақ қызмет етеді.

"Біздің бастамамыздың мақсаты – баламалы электр көзі мен энерготиімділік саласында тәжірибиге ие болғандықтан Қазақстан астанасына осындай сый жасау", - деді малайзиялық LLP "Itramas Corporation" корпрациясының атқарушы директоры Июнь Ши Ли Байқоңыр ауданының әкіміне көше шамын табыстау кезінде.

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимовтың сөзінше, бұл шамдардың арқасында электр қуатының шығындары 2,5 есеге азаяды, ал көшелер отандық шамдар орнатылған көшелерге қарағанда 30 пайызға жарық бола түспек.

Айта кетейік, мұндай шамдар барлық Малайзия бойынша орнатылған. Бүгінде компания Philips, Bosh, Siemens компанияларымен бірге 40-тан астам елге импортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу