Малайзиялықтар мұнай-газ жабдықтарын өндіруге инвестиция салмақ

1070

Малайзиялық инвесторлар Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz KAZAKH INVEST сайтына сілтеме жасап.

Малайзиялықтар мұнай-газ жабдықтарын өндіруге инвестиция салмақ

Бұл туралы Kaz Elektro Serve Ltd (Elektro Serve (M) Sdn Bhd еншілес компаниясы) және IMBC қауымдастығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. 

Қол қою рәсіміне Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман, Нұр-Сұлтандағы Малайзия Елшілігі Миссиясы Басшысының орынбасары Бадли Хишам Хаджи Адам, Elektro Serve (M) Sdn Bhd Бас директоры Мохд Насар Отман, Carbotrade-Absorger (Франция) өкілі Мартин Лескелен, сондай-ақ KAZAKH INVEST және IMBC қауымдастығының өкілдері қатысты.

Kaz Elektro Serve Ltd. жоғарыда аталған серіктестермен бірлесіп Қазақстанда сорғылар, азот генераторлары және электр айналмалы машиналар (жоғары вольтты электр қозғалтқыштары мен генераторлар) өндірісін локализациялауды көздеп отыр. Әзірге инвестицияның нақты көлемі белгісіз.

Carbotrade-Absoger және Ingeteam тобына кіретін Indar сияқты еуропалық компаниялар осы жобаны жүзеге асыруға қосылуды жоспарлап отыр. Компаниялар технологияларды ерте кезеңде беру арқылы көмек көрсетуге ниетті.

"Бұл жоба KAZAKH INVEST өкілдерінің 2019 жылы Малайзияға сапары кезінде басталған болатын. Құжатқа қол қою ұзақ және табанды келіссөздердің нәтижесі болып табылады. Қазақстанға ең заманауи технологиялар тартылады, Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндіру және электр энергетикасы салаларының қажеттіліктері үшін жаңа өндірістік қуаттар мен бірқатар қызметтер құрылады деп жоспарлануда. Инвесторлар тұрақты жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға ниетті", – деп атап өтті KAZAKH INVEST.

Осы жобаны іске асыру да осы бағыттағы импорт көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік бермек. Бұл топтың тауарлары жыл сайын сұранысқа ие импорттық өнімнің сипатына ие. Тек 2020 жылы Қазақстан жалпы сомасы 343 миллион долларға сорғы жабдығын импорттады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 1,8 миллиард долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу