Малайзияның ең ірі әуе көлігі Қазақстанға рейстер ашады

294

Екі ел арасындағы ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру шеңберіндегі жұмыстар жалғасуда. 

Малайзияның ең ірі әуе көлігі Қазақстанға рейстер ашады Фото: pixabay.com

Азаматтық авиация комитеті Малайзияның авиация билігімен бірге Малайзияның "Air Asia X" арзан авиакомпаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін түйіндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

"2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Малайзияның "Air Asia X" авиакомпаниясы аптасына 4 рейспен Куала-Лумпур — Алматы бағыты бойынша А-330 типті ұшақтарда тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері). Оның жалпы сыйымдылығы 285-тен 377 орынға дейін", - деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы осындай әуе байланысының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу