Қазақстанның Малайзиядағы елшісі Данияр Сарекенов "KWAP" малайзиялық зейнетақы қорының бас атқарушы директоры Дато Ван Камаразуман және "MRCB" компаниясының басқарушы директоры Тан Сри Мохамад Салиммен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында елші Қазақстанның индустриалды-инновациялық жобаларының және инвестициялық климаты жайында баяндады. Тараптар инвестициялық әріптестік мәселелерін және 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына "KWAP" пен "MRCB" қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Дато Ван Камаразуман мен Тан Сри Мохамад Салим қазақстандық тарапымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беруіне қызығушылық танытты және желтоқсан айында "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкімшілігі, Астана халықаралық қаржы орталығы мен "KAZAKHINVEST" ұлттық компаниясы" АҚ басшылығымен бірлескен әлеуетті жобаларды талқылау үшін Қазақстанға баруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Айта кетерлігі, "KWAP" - Малайзиядағы екінші орында тұрған ірі зейнетақы қорының бірі. Оның қаржы активтері шамамен 30 млрд АҚШ доллары шамасында. Зейнетақы жинақтарын басқару аясында қор ел ішінде және шет елдерде белсенді инвестициялық жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда "MRCB" елдегі құрылыс, инфрақұрылымды дамыту және инжиниринг салаларындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың тізіміне кіреді.