Мальдивте демалып жүрген ресейлік туристер күтпеген жағдайға тап болды

384

Зардап шеккендер жоқ. 

Мальдивте демалып жүрген ресейлік туристер күтпеген жағдайға тап болды Фото: АБН

Мальдив аралдарында ресейлік туристер мінген ұшақ дауыл салдарынан мұхитқа екі рет шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресейлік Телеграм арнаның хабарлауынша, оқиға 28 маусым күні болған. Белгілі болғандай, саяхатшылар бір аралдан екіншісіне ұшпақ болған. Жеңіл моторлы ұшақ ұшар алдында ауа райы күрт бұзылып, пилоттар рейске ұзақ дайындалған. 

Аспанға көтерілгеннен кейін ұшақ биіктігін жоғалта бастаған. Ұшқыштар әуе кемесін мұхиттың дәл ортасына шұғыл қондыруға мәжбүр болды. 

Жолаушылар ұшақ ішінде бір сағаттан астам уақыт отырған. Ұшақ қайта ұшуа әрекет жасағанымен, екінші мәрте суға қонған. Әуе кемесі арнайы техниканың көмегімен жағаға қарай жеткізілді.

Ақпаратқа сәйкес, ешкім зардап шекпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу