Малды ұрлап, сойып тастаған

412

Бас аяғы 13 бас мал қолды болған. 

Малды ұрлап, сойып тастаған Фото: Inbusiness.kz

Қарағанды облысының полицейлері өзгенің малын ұрлап, дәніккендер тобын құрықтады.

Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына екі ауыл тұрғыны жүгініп, сарайларынан 12 қой мен жылқы ұрланғандығын айтқан. Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген. Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті.

19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған екен. Ұрланған тұяқтылардың етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскені белгілі болды. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір қойды тәркіледі. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу