Малдың несібесін шаштараздар жеп кетті

1039

Atameken Business телеарнасының "Шыны керек" бағдарламасында мал шаруашылығына берілген ақшаның талан-таражға түскені сөз болды.  

Малдың несібесін шаштараздар жеп кетті

Биыл малды аштық бір қысса, шенеуніктер екі қысып жатыр. Байғұс малдың осыншама теперіш көретіндей не жазығы бар? Тамтығын қоймай түтіп жеп бара жатқан жоқпыз ба? Мемлекеттің малды бағып-қағуға және тұқымын асылдандыруға деп бөлген бюджет қаржысын шенеуніктер мүлде өзге мақсаттарға асырып жіберген. Шаруаларға түк те жоқ, есесіне малға деп арнап берген субсидиялардың сән салондарына, жылжымайтын мүлік агенттеріне, мәшине жөндейтін шеберханаларға бұйырып жатқанын қараңызшы. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың нышаны да жоқ емес болар. Ал несібесінен айырылып жатқан малда жанайқайға басатын тіл жоқ. Шаруалар болса құдай салды, мен көндім деп жүр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу