Мали президенті бүліктен кейін отставкаға кетті

502

БҰҰ бұл жайтты қатаң сынға алды.

Мали президенті бүліктен кейін отставкаға кетті

Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта бүлікшілер оны тұтқынға алғаннан кейін отставкаға кететінін, парламент пен үкіметті тарататынын жариялады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

"Мен қазірден бастап өз өкілеттігімді тоқтатамын. Менің билікте қалғаным үшін қан төгілгенін қаламаймын", – деді ол. 

Малидегі бүлік 18 тамызда Бамако қаласының маңындағы әскери базада басталған еді. Бүлікшілер ел президенті Ибрагим Бубакар Кейта мен премьер-министр Бубу Сиссені тұтқындаған болатын. Операцияны Дьяу мен Камара есімді полковниктер, генерал Шейк Фантамади Дембеле жүргізген. 

БҰҰ-ның бас хатшысы бұл жайтты қатаң сынға алып, конституциялық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге және мемлекет басшылығын босатуға үндеді.
Құрамына 15 ел кіретін Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы Малимен арадағы шекараны жауып тастап, экономикалық байланысты уақытша тоқтатты. 

Табиғат Нұрболат
Фото: expressandstar.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу