Мали президенті жақында босатылады

668

Елдің бірқатар маңызды стратегиялық серіктесі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ұсталған барлық шенеуніктерді дереу босатуға үндеген.

Мали президенті жақында босатылады Фото: reuters.com

Малидің уақытша президенті Ба Ндао және премьер-министр Моктар Уан тұтқындалған басқа көшбасшылармен бірге босатылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Мали вице-президенті Ассими Гоитаның кеңесшісі Баба Сиссеге сілтеме жасап.

Сиссе олардың нақты қай уақытта босатылатынын айтпады.  Ресми мәлімет бойынша, Малидің бірқатар маңызды стратегиялық серіктесі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ұсталған барлық шенеуніктерді дереу босатуға үндеген.

"Президент мен премьер-министр отставкаға кеткеннен кейін, ұсталғандар бостандыққа шығарылады, бұл біртіндеп қауіпсіздікке байланысты болады", – деді Гоита кеңесшісі.

26 мамырда Сиссе Мали президенті мен премьер-министрінің отставкаға кететінін мәлімдеген еді. 24 мамыр күні кешке оларды бір топ әскери қызметкерлер тұтқындап, ел астанасы жанындағы әскери базаға апарып тастаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу