Малидің өтпелі үкіметі Украинаның әскери барлау өкілі Андрей Юсовтың Алжир шекарасындағы Мали армиясына қарсы соғысып жатқан "террористік топтарды" қолдауға қатысты түсініктемесіне таңқалғанын жасырмады.
Украинаның Сенегалдағы елшісі Юрий Пивоваровтың осыған ұқсас мәлімдеме жасауы да Украинаға Сахелдегі терроризмді ашық қолдады деген айып тағуына негіз болған.
Өтпелі үкімет осыған байланысты тиісті шаралар қабылдап, Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасты үзгенін хабарлады.
Айта кету керек, Киев пен Бамако 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан болатын.