Малиде тұрғын үй опырылып, 15 адам қаза тапты

939

41 адам жарақат алды.

Малиде тұрғын үй опырылып, 15 адам қаза тапты

Мали астанасы Бомака қаласында үш қабатты тұрғын үй опырылып, салдарынан 15 адам жантәсілім болды. Тағы 41 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Барлығын мамандар қиранды астынан алып шыққан. Бұл туралы елдің қауіпсіздік және тұрғындарды қорғау министрлігі хабарлады. 

Ресми дерекке сүйенсек, оқиға құрылыс жүріп жатқан ғимаратта болған. Оның төртінші қабаты опырылып, жанындағы тұрғын үйге құлаған. Құтқарушылар үйінділер арасынан 4 жастағы қызды шығарып алған.

Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.   

Апат болған жерге бірнеше ведомствоның министрлері келіп, зардап шеккендерге қолдау көрсетті. 

Бұған дейін 31 тамызда Германияның Эссен қаласында рэпердің концертінде сахнаның жартысы сөгіліп, құлаған еді. Оның салдарынан 28 адам жарақат алған болатын. Оқиғаға сұрапыл жел соққаннан жарықдиодты қабырғаның құлауы себеп болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу