Малидегі лаңкестік әрекеттен жеті адам қаза тапты

512

Белгісіз адамдар блокпост пен ауылға шабуыл жасады. 

Малидегі лаңкестік әрекеттен жеті адам қаза тапты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Малидің оңтүстік және ішкі аймақтарындағы шабуылдардан жеті адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, белгісіз бір топ қарулы адамдар Буркина-Фасо шекарасындағы Сикасо аймағындағы Херемаконо блокпостына шабуыл жасаған.

Лаңкестік топ Ганадан келген жүргізушіні, сондай-ақ полиция қызметкерін өлтірді, тағы үш адам зардап шекті.

Малидің орталық бөлігіндегі Мопти ауданында белгісіз адамдар Банкасс коммунасындағы Джан-Окоро ауылына шабуыл жасады: бес адам қаза тапты.

Буркина-Фасо, Мали және Нигер соңғы жылдары "Аль-Каида" террористік ұйымы мен ДЕАШ-пен байланысты топтардың шабуылына жиі ұшырайды.

Малиде 2013 жылдан бері орналасқан шетелдік әскери миссияларға қарамастан, террористік шабуылдар тоқтар емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу