Мәлiк Мырзалин Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

1038

Мәлiк Мырзалин Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин өзінің Фейсбуктегі парақшасы арқылы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. 

"Бұл күн шын мәнінде өжеттік пен ерліктің, даңқтың күні. Бұл күн өз Отанына адал да лайықты қызмет етуді борышым деп санайтын барлық адамдарды біріктіре түседі.

Бүгін біз Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан майдангерлерді, интернационалист жауынгерлерді, әскери қызметшілерді, қиын сәтте Отанын қорғауға дайын барлық адамдарға құрмет көрсетеміз.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың абыройлы борышы. Аға буынның ерлік істеріне негізделген адамгершілік мектебінің қағидаттары жас ұрпақты осылайша тәрбиелеуде.

Қазақстан Президенті – Жоғары Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында еліміздің Қарулы Күштері әскери дайындықтың жоғары деңгейіне, жеделдікке және жан-жақты қамтамасыз етілуіне қол жеткізді.

Қазақстанның жаңа заманғы армиясы кез-келген сыртқы қауіпке қарсы тұра алатын іргесі бекем қорғаныс әрі мемлекетіміздің тұрақты дамуының тірегі.

Жалпы халықтық мереке әлемдегі адами құндылықтарды әспеттей отырып, жоғары патриотизмді, бірлік пен тұтастығымызды көрсетеді.

Сіздерді мерекемен шын көңілден құттықтай отырып, ашық аспан, мол табыс, Қазақстан Республикасының іргелі де маңызды істерін дамытып, гүлдене беруіне үлес қосуларыңызды тілеймін", - делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу