Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин ҚР президентi әкімшiлiгiнiң және аудандық мәслихат депутаттарының келiсiмiмен Есiл ауданына жаңа әкiмдi - Талғат Ерсейiтовты тағайындады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Талғат Ерсейiтов бұған дейін Астрахан ауданының әкiмi қызметін атқарды.
Аймақ басшысы, жаңа тағайындалған аудан әкiмiнiң басқару iсiнде мол тәжiрибесi бар екенiн алға тартып, Талғат Ерсейiтов пен аудан активi алдында бiрқатар мiндет жүктедi.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу