Мальта Қазақстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын

698

Мальта Қазақстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын

Қазақстанның Италиядағы елшісі және Мальта Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртаев Мальта Республикасының Президенті Мари-Луиз Колейро Прекаға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар әртүрлі салада екіжақты ынтымақтастықтың даму болашағын талқылады. Сергей Нұртаев Қазақстанның Мальтамен сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін ашуға мүдделі екенін айтты. Қазақстан дипломаты туризм және білім саласындағы ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндігін де айтып өтті.

Әңгіме барысында елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі туралы айтып берді.

Сергей Нұртаев "Нұрлы жол" бағдарламасы және бес институционалды реформаны іске асыру бойынша "100 нақты қадам" ұлт жоспары негізінде экономиканы әртараптандыру бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар, инвестициялық климатты жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, сондай-ақ жекешелендіру процесі туралы хабар таратты. Елші Қазақстанның халықаралық бітімгерлік бастамалары туралы да айтып берді.

Мари-Луиз Колейро Прека Қазақстан-Мальта екіжақты ынтымақтастығының одан әрі нығаюын тілеп, Мальтаның Қазақстанмен барлық саладағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу