Малын қараусыз қалдырғандарға айыппұл салынады

1748

Бұл шара ауылшаруашылығы жануарларын сақтауға мүмкіндік бермек.

Малын қараусыз қалдырғандарға айыппұл салынады

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті басшысы Думан Таев мал бағуда әр өңірдің өзіне тән ережесі болатынын мәлім етті.

"Ұрланған малдың 60%-ы жайылымнан қолды болған. Олар айлап, апталап қараусыз жүрген. Сол себепті біздің бастамамызбен жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережесін әзірлеу және бекіту құзыреті заңмен берілді. Ереже бұзғандарға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408 бабы бойынша 3-тен 10 АЕК дейін айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жергілікті жерлердің ерекшелігін және мал басын есепке ала отырып өңірлерде мал бағудың өз ережесі әзірленеді. Ережеге сәйкес, бұдан былай малды қарауысыз қалдыруға болмайды. Бұл шара ауылшаруашылығы жануарларын сақтауға мүмкіндік береді", – деді криминалдық полиция департаменті басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу