Мас күйде рөлге отырған ауыл әкімі қамауға алынды

324

Сондай-ақ, ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 

Мас күйде рөлге отырған ауыл әкімі қамауға алынды Фото: freepik

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған ауыл әкім сот үкімімен 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық соттың мәліметінше, Зеренді аудандық сотында Викторовка ауылдық округі әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі). Ер адамға алкогольдік ішімдік ішіп рульге отырғаны үшін айып тағылды.

"Сотта ер адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен, өзін түсіндіруі және мойындауымен расталды. Сот қаулысымен оған 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу