Маман адам денсаулығы үшін негізгі қауіп-қатерді атады

936

7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні. 

Маман адам денсаулығы үшін негізгі қауіп-қатерді атады

Қоғамның әл-ауқатының өсуімен денсаулық үшін негізгі қауіптер де артты. Атап айтқанда көп қозғалмайтын өмір салты, холестериннің жоғары деңгейі, темекі шегу, алкогольді тұтыну және т.б. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, м.ғ.д., профессор Роза Қуанышбекова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бұрынғы жоғары қан қысымы, қандағы глюкозаның жоғары мөлшері, артық салмақ сияқты мәселелер қазір метаболикалық болып саналады. Олар инфекциялық аурулардың өсуіне әкеледі. Жүрек-қантамыр, респираторлық аурулар мен қант диабеті әлемдегі барлық өлім-жітімнің 71%-ын құрайды. Олардың алдын алу көп жағдайда адамның өзіне байланысты болады. Бұл – тек салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану ғана емес, сондай-ақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерілуден өту және дәрігердің ұсынымдарын орындау. Осының барлығы – денсаулықты сақтау және ұзақ өмір сүру, аурулардың алдын алу үшін қажет", – деп түсіндірді профессор. 

Осы шараларды Қазақстанда 2013 жылдан бері іске асырылып келе жатқан Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) көздейді. Бұл бағдарламаға тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерде қарастырылған. Ол ең кең таралған аурулар, яғни артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі, 2-типті қант диабетін қамтиды.

Құрамында учаскелік дәрігер, мейіргер, әлеуметтік қызметкер, Салауатты өмір салты орталығының қызметкері және психолог кіретін емхананың мультитәртіптік тобы пациентті ауруды асқындырмау үшін өз денсаулығын басқаруға, үйге шақырылатын жедел медициналық көмектің санын азайтуға және т.б. үйретеді.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі біздің институтқа Бағдарламаны ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу, өңірлерде оны енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, АББ индикаторларының электрондық базасы бойынша Бағдарлама индикаторларына мониторинг жүргізу үшін жауапкершілік жүктеген", – дейді профессор. 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысатын артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті бар пациенттерді қамту 57,4%-ды құрады. Мұнда әрбір пациенттің АББ-ға ресми түрде тартылуы маңызды.

"Мамандарды оқытуға да көп көңіл бөлу қажет. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары 2021 жылдың ішінде аралас форматта 7 өңірдің мультитәртіптік командаларының 665 қызметкерін, олардың ішінде 246 дәрігер, 419 орта медицина қызметкерін оқытты. Оқытылған мамандар өз кезегінде жұмыс орындарында өздерінің әріптестерін оқытады", – деді Роза Қуанышбекова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу