"Маман аз, біліктілік те төмен" – Денсаулық сақтау министрі нәресте аурулары туралы

745

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға ең алдымен жүктілік кезеңінен бастап баланың өсіп-даму кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің тактикасын айқындау маңызды. 

"Маман аз, біліктілік те төмен" – Денсаулық сақтау министрі нәресте аурулары туралы

Денсаулық сақтау министрді Ажар Ғиният келтірген мәліметке қарағанда, денсаулық кемістігі бар жаңа туған нәрестелерде ағзалар мен жүйелердің ақаулары 96,3%, хромосомалық әртүрлі бұзылулар 3,7% болады. Нәрестелер өлімі бойынша туа біткен ақаулар себебі екінші орын алады және төмендеу үрдісі жоқ.

"Бұл ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жетіспеушілігі мен біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 15, Алматы облысында – 13, Ақмола облысында – 11 маман жетіспейді. Республика бойынша перенаталдық скринингке арналған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жарақтандырылуы 67%-ды құрайды, ең төмен жарақтандырылуы Түркістан (қажеттілік 28), Алматы (26), Батыс Қазақстан (14), Қарағанды (10) облыстарында", - дейді министр.

Жағдайды жақсарту үшін Министрлік пренаталдық скринингті жүргізудің жаңа қағидаларын бекітті, пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін өткізу стандартын әзірледі және жыл басынан бастап, ультрадыбыстық зерттеу диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маманды оқытты. Сонымен бірге биыл жоғары эксперт-класының 50-ден астам ультрадыбыстық зерттеу аппараты сатып алынады.

"Бұл шаралар пренаталдық скринингті жүргізудің бірыңғай тәртібі мен алгоритмін қалыптастыруға, заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппараттармен жарақтандырылуды арттыруға және ұрықтың даму ақауларын 80%-ға дейін анықтауды жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді министр.

2022 жылғы 1 қаңтарға мүгедек балалардың жалпы саны – 98,2 мың, 2020 жылы – 94,6; 2019 жылы - 91,6.

Жалпы мүгедектік құрылымында негізінен 29% - нерв жүйесінің аурулары, 26,4% - туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар, 17,5% - психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстары құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу