Маман баланы ашық терезеден қорғаудың 5 тәсілін атады

846

Карантиндік шектеулер бала өміріне қосымша қауіп төндіріп отыр.

Маман баланы ашық терезеден қорғаудың 5 тәсілін атады

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы көпқабатты үйлерде тұратын ата-аналарға кеңес берді.

"Жазатайым оқиғалардың, мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сіздерге беретін бірнеше кеңесіміз бар. Бастысы, ашық терезе алдында балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Екіншісі, бала өз бетімен терезе алдына шықпауы үшін жиһазды жақын қоймаңыздар. Үшіншісі, балалармен міндетті түрде  терезенің алдына шығып ойнауға болмайтыны туралы әңгіме жүргізу керек. Төртіншісі, естеріңізде болсын! Терезеге орнатылған москиттік тор баланың  терезеден құлауына бөгет бола алмайды. Құрметті ата-аналар, қырағы болыңыздар. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтаңыздар. Шын мәнінде  бұл проблема шын мәнінде өзекті болып тұр. Оны шешудің бірқатар амал-тәсілдері бар. Ең қарапайымы әрі тиімдісі – терезелерге бұғаттағыш тетіктер орнату. Олардың бағасы соншалықты қымбат емес және нарықта кең таралған. Үйіңізде кішкене бала болса, міндетті түрде терезеге осындай қондырғылар орнатуға кеңес береміз", – деген маман коронавирусқа қарсы енгізілген карантиндік шектеулердің балалар өміріне қосымша қауіп төндіргенін ескертті.

Оның ойынша, балабақшалардың жабық болуы, қашықтан оқыту жүйесі балаларды зеріктіріп, қосымша тәуекелдерге баруға итермелеуі мүмкін. Еркін Отарғалымұлы  ата-аналарды осы тәуекелдерді ескеріп, сақтықты бұрынғыдан да күшейтуге үндеді. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу