Маман тағамнан болатын аллергия түрлерін атады

1326

Аллергия анықталған науқастардың арасында бүлдіршіндер де бар.

Маман тағамнан болатын аллергия түрлерін атады

Жаңа жылды тойлау кезінде дастарқанға түрлі тағамдар қойылады. Шамадан тыс тамақ жеу аллергияны турады. Бұл туралы "КДЛ ОЛИМП" ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханасында 3068 адам тағамдық аллергендерге тексерілген.

Әрбір төртінші пациентте (777 адамда немесе науқастардың 25%) белгілі бір тағам түріне аллергия анықталған. Оның ішінде 402 науқаста 1 тағамға, 172 науқаста бірдей 2 тағам түріне, 90 пацентте 3 өнімге, 39 науқаста 4 тағам түріне және 7 пациентте бірден 11 және одан да көп тағам түріне аллергия анықталды.

"Аллергия көбінесе сүтке (257 дерек), тауық жұмыртқасына (242 дерек), глютенге (169 дерек), жұмыртқа ақуызына (108 дерек), жержаңғаққа (94 дерек), бидайға (74 ерек), балға (70 дерек), казеинге (59 дерек), банан (52 дерек), шабдалыға (44 дерек) болады. Сонымен қатар жұмыртқа саруызына (40 дерек), картопқа (34 дерек), мандаринге (34 дерек), алмаға (28 дерек), грек жаңғағына (21 дерек) және томатқа (18 дерек) аллергия жиі кездеседі", - деді Ерлан Сүлейменов. 

Оның айтуынша, зертханаға 70-ке жуық тағамдық аллергенге талдау жүргізіледі. Оны жүргізу үшін көктамырдан қан алынады.

"Аллергия анықталған науқастардың 50,5% – 2-7 жас аралығындағы бүлдіршіндер, 14,7% – 8-14 жастағы балалар, 13,6% – 0-1 жастағы сәбилер", - деді компания басшысы.

Ол тамаққа аллергия болған кезде есекжемнің пайда болуы, ерін, бет, тіл, тамақтың ісінуі, жүрек айнуы және құсу, іштің ауруы және диарея, қан қысымының төмендеуі мен естен тану (анафилаксиялық шок) сияқты симптомдар болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу