6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына сілтеме жасап.
"ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады", - делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.