Күн жүйесін зерттеу институтының өкілі, неміс физигі Рене Хеллер адамзат баласының ең жақын 10 жұлдызға алдағы 100 жылда ұшып жете алатынын есептеп шығарды. Бұл туралы abctv.kz хабарлайды.
Ғалым өз болжамын жасауда жер тұрғындарының технологиялық дамуын негізге алған. Яғни, енді бір елу жылдың шамасында адамзат 0,2 жарық жылдамдығымен ұша алатын ғарыш кемелерін жасай алатын болады.
Сондай-ақ, бұл үшін адамзат өркениетінің технологиялық та, экономикалық та ресурстары толықтай жеткілікті.
Айта кетейік, жуырда ғана NASA Сатурн спутнигінің өмір сүруге қолайлы болу ықтималдығы жоғары екендігін хабарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу