Мамандар инфекциялық аурулардан сақтанудың жолдарын атады

486

Ол үшін профилактикалық шараларды сақтап, вакцинациямен қамтуды ұлғайту қажет.  

Мамандар инфекциялық аурулардан сақтанудың жолдарын атады Фото: google

Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Вакцинация балалар мен ересектерді инфекцияның ауыр зардаптарынан қорғаудың ең тиімді және қауіпсіз әдісі болып қала бермек. Алайда қарапайым алдын алу шараларын да  ұмытпаған жөн", - деді ол.

Инфекциялық аурулардан сақтанудың жолдары:

  • Қолды үнемі сабынмен жуып, қол антисептиктерін қолданыңыз;
  • Түшкіру және жөтелу кезінде ауыз бен мұрынды жабуды ұмытпаңыз;
  • Үй ішін ылғалды шүберекпен тазалап, жиі желдетіп тұрыңыз;
  • Науқас адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз;
  • Көкөніс мен жеміс-жидектерді қолданар алдында ағынды сумен жақсылап жуыңыз;
  • Қалалық субұрқақтарда балалардың шомылмауын, ол жерлердегі суды ішпеуін қадағалаңыз;
  • Рұқсат етілген су қоймалары мен бассейндерде ғана шомылу керек.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу