Мамандар өзенді кім "көпірткенін" тексеруге кірісті

1110

Алматы облысының қорықшылық қызметінен Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне видеоүндеу түскен. Видеодан өзен суының ақ көбік басқанын көруге болады, деп жазады inbusiness.kz.

Мамандар өзенді кім "көпірткенін" тексеруге кірісті

Видео авторларының айтуынша, судан өткір бір иіс шығады.

Ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдайдың анық-қанығын тексеру үшін мамандар бірден жолға шыққан. 

"Алматы облысы бойынша экология департаментінің мамандары, әкімдік және табиғатты қорғау полиция қызметінің өкілдері Жаркент қаласына шұғыл түрде жетті. Алдын ала дерек бойынша бұл жағдайға "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС-ның қатысы болуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу