Мамандар Топар көлдер жүйесіндегі балықтардың неден қырылғанын тексеруге шықты

794

Топар көлдер жүйесінде (Алматы облысының Балқаш ауданы) балықтың қырылғаны 1 сәуірде анықталған.

Мамандар Топар көлдер жүйесіндегі балықтардың неден қырылғанын тексеруге шықты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су айдындары "Заготпушнина" ЖШС балық шаруашылығы мен "Патриот" АБҚБ субъектілеріне бекітілген, деп жазады inbusiness.kz.

"Балықтың қырылу мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнына Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен "Заготпушнина" ЖШС және "Патриот" АБҚБ қорықшылық қызметінің қызметкерлері шықты. Бұдан басқа, "балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, Алматы облысы бойынша экология департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балық сынамаларын алу мақсатында жолға шығады",– дейді ведомстводан.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы алдағы уақытта хабарланбақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу