ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин G4 City спутник-қалалардың құрылысымен танысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Асқар Мамин Алматы агломерациясының солтүстігіндегі спутник-қалалардың құрылыс барысын көріп қайтты. Мұнда Gate City, Golden City, Growing City және Green City сынды төрт спутник-қаладан тұратын жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
2017 жыл – G4 City жобасын жүзеге асырудың бастамасы деп айтуға толық негіз бар, инфрақұрылым дайын тұр. Енді индустриялық, тұрғын үй, логистикалық аймақтар игеріледі", – деді А.Мамин.
Сонымен қатар, ол инвестицияға бар жағдай жасалғанын, қажетті көліктік, инженерлік инфрақұрылымдардың дайын екенін атап өтті. "Инвесторлармен белсенді жұмыс істеу керек. Тікелей инвестицияларды қамтамасыз етуімізкерек", – деп тапсырма берді ол. Gate City аумағына "Береке" индустриялық аймағы орналасатын болады.