Мамин "Kazakh Invest" директорлар кеңесінің отырысын өткізді

661

Топ инвестор елдердің қатарына Еуропалық Одақ мемлекеттері, АҚШ, Ресей, Түркия, Сингапур мен Қытай кіреді.   

Мамин "Kazakh Invest" директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің отырысында биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды, деп хабарлайды government.kz.

Қазіргі кезде "Kazakh Invest"-тің қолдауымен жалпы көлемі $55 млрд-қа жуықты құрайтын 228 инвестициялық жоба агроөнеркәсіп, машинажасау, тау-кен металлургиясы, мұнайгаз химиясы, көлік-логистика, жаңартылатын энергетика және құрылыс индустриясы салаларында пысықталып, іске асырылуда.

Биыл 11 айда $454 млн-ға 8 жоба іске асырылды, $487 млн құрайтын 10 жоба бойынша пайдалануға беру жоспарланған, көлемі $3,4 млрд болатын 21 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 

Отырыста жаңа редакциясындағы штаттар саны мен ұйымдастыру құрылымы, ішкі аудит қызметінің есебі, директорлар кеңесінің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ басқа да мәселелер қаралды. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу