Мамин маусымда вакциналау қарқынын елеулі түрде арттыруды тапсырды

801

Үкімет басшысы бұл міндетті Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге жүктеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.

Мамин маусымда вакциналау қарқынын елеулі түрде арттыруды тапсырды

"Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Өткен аптада ауру жұқтыру деңгейі 20% дейін төмендеді. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,86 құрады. Науқастардың ауруханалардан және жан сақтау бөлімдерінен шығуы бойынша оң серпін байқалады", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Қазіргі таңда Қазақстанның 3 өңір "қызыл аймақта" тұр. Олар: Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары. Үкімет қолға алған шаралардың нәтижесінде "қызыл аймақтағы" өңірлердің қатарын азайтуды болжап отыр. Ал "жасыл аймақтағы" өңірлер саны 8, "сары аймақтағы" өңірлер саны 6-ға жеткен. Бұл көрсеткіштерге ең алдымен вакцина алғандар санының артуы себеп болған. 

"Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компоненті 2,1 миллионнан астам адамға, екінші компоненті 1 миллионнан астам адамға егілді. Маусым айында вакциналардың қорын 2 миллион, бірінші және 2 миллион дозалық екінші компонентпен толықтыру шаралар қабылданған. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер маусымда вакциналау қарқынын елеулі түрде арттыруы керек", – деп тапсырды Мамин.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, "Ашық" мобильді қосымшасының тиімді жұмысын, қосымшаны қызмет көрсету салаларында кеңінен қолдану шараларын қарастыруға міндеттелді. Ал вакциналау паспорты "Ашық" қосымшасына да енгізілмек.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу