Мамин мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

1405

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлерінің бірі Ақтөбе облысында болып қайтты.

Мамин мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Үкімет басшысы Байғанин және Мұғалжар аудандарында газ өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысты, атап айтқанда, "Газ процессинг компани" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Жаңажол газ өңдеу зауытына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Зауыттарды технологиялық жаңғырту барысына және заманауи цифрлық жобаларды енгізуге көңіл бөлінді.

Жаңажол ГӨЗ аумағында Асқар Мамин мемлекеттік органдардың, мұнай-газ секторындағы кәсіпорындардың және кәсіподақтардың басшыларының қатысуымен мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде жұмыстық кеңес өткізді. Талқылау барысында саланы дамытудың өзекті мәселелері, еңбек қатынастарын реттеу, табыс деңгейін арттыру бойынша бастамаларды іске асыру, мамандарды даярлауда жаңа тәсілдерді енгізу арқылы кадрларда қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері қаралды. 

Үкімет басшысы қазіргі заманғы жағдайларды ескере отырып, еңбек қатынастарын реттеудің қолданыстағы жүйесін түзетуді тапсырды. Асқар Мамин заңнамалық өзгерістерді әзірлеу және енгізу қажеттілігін айтты. Атап айтқанда, жұмысшылардың жалақы бойынша құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет.

Кен орындарындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды қорғауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу