Мамин отырған тікұшақ апатты жағдайда қонды

550

2020 жылғы 12 маусымда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.  

Мамин отырған тікұшақ апатты жағдайда қонды

Үкімет басшысы онда өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді.

Премьер-Министрмен бірге Жамбыл облысының әкімі, сондай-ақ бірқатар бейінді министрліктің басшылары болды.

Өңірге жұмыс сапары барысында делегация Қордай ‒ Тараз бағыты бойынша "Қазавиақұтқару" АҚ тиесілі №UP-MI705 тіркелген Ми-171 тікұшағымен ұшты.

Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі гидрожүйесінің істен шығуына байланысты оны Тараз қаласынан шамамен 180 шақырым қашықтықтағы Тасөткел кенті аумағында, әуе айлағынан тыс алаңға мәжбүрлі түрде қондырды.

Орын алған авиациялық оқиғаның салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ, әуе кемесіне зақым келмеген.

Айта кеткен жөн, тікұшақ бортында ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов болған жоқ.

ҚР Үкіметінің басшысы өзінің жұмыс кестесіне сәйкес әрі қарай резервтік тікұшақпен ұшты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу