Мамин Президентке екі айдың есебін берді

861

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мамин Президентке екі айдың есебін берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және елдегі санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы есеп берілді.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес соңғы екі айда экономикада тұрақты оң динамика байқалады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары қарқынды дамып келеді. Қызмет көрсету ісі біртіндеп қалпына келе бастады. Ақпарат пен байланыс саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, металлургия, оның ішінде, түрлі-түсті металл өндірісі мен машина құрастыру, фармацевтика салаларында тұрақты өсім бар.

Президентке ОПЕК+ Мониторинг комитеті отырысының қорытындылары туралы ақпарат берілді. Аталған жиында Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін арттыру туралы жеке келісім жасалғаны айтылды. Бұл тау-кен секторындағы өндіріс өсімін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Кездесуде елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай талқыланды. Премьер-Министрдің айтуынша, жағдай бақылауда: республика бойынша вирустың арту көрсеткіші 0,9-ды құрайды, жұқпалы ауруханалардағы төсек орын 23 пайызға, жан сақтау бөлімшелеріндегі орындар 16 пайызға толған.

Мемлекет басшысына инвестициялар тартуды, тұрғындарды жұмыспен қамтуды, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу