Мамин, Сәпиев, Баландин: Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды

410

Бас Ассамблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды.  

Мамин, Сәпиев, Баландин: Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды Фото: olympic.kz

Бүгін 26 ақпанда Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас Ассамблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының келесі құрамы сайланды:

Бас хатшы: Жанар Азырқанқызы Өтешева;

Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Әбілғазин,"Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы" ҚБ президенті;

Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, "Қазақстан хоккей федерациясы" РҚБ президенті;

Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент: Мырзабосынов Ербол Амантайұлы, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;

Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент: Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012).

Спортшылар Комиссиясының өкілі: ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының өкілі Рыпакова Ольга Сергеевна, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016)

Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері: Ахметов Даниал Кенжетайұлы, "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы" РҚБ президенті;

Баландин Дмитрий Игорұлы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы (2016);

Гаджиев Гаджи Шопиевич, "Ауыр атлетика федерациясы" ҚБ бірінші вице-президенті;

Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, "Дзюдо федерациясы" РҚБ президенті;

Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығының" президенті;

Өтемұратов Болат Жамитұлы, "Теннис федерациясы" РҚБ президенті;

Юсупова Әлия Махсутқызы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚБ президенті.

Тексеру комиссиясының мүшелері:

Төраға: Алпамысов Абай Әбдісаметұлы, "Ұлттық баскетбол федерациясы"РҚБ президенті Комиссия мүшесі: Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq Kuresi федерациясының вице-президенті;

Әшімбеков Раббани Абдукамалұлы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚБ Бас хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу