Мамин ТМД-ның мәдени астанасы жылына сапалы дайындалуды тапсырды

957

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Мамин ТМД-ның мәдени астанасы жылына сапалы дайындалуды тапсырды Фото: primeminister.kz

Биыл Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесіне ие болып отыр. Осы жылдың ресми ашылуына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Үкімет басшысы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін уақытылы шешудің, сондай-ақ ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясында жоспарланған барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығын атап өтті", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Асқар Мамин тиісті мемлекеттік органдарға және Шымкент қаласының әкімдігіне ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясындағы барлық іс-шараларға сапалы дайындықты қамтамасыз етуді, сонымен қатар екі апта мерзім ішінде сумен, электрмен және газбен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және көлік салаларында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін қарауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу